2027 жылғы 21–23 сәуір аралығында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Шәкәрім университетімен бірлесіп студенттер мен жас ғалымдардың «Ақынжанов оқулары – 2027» халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді.
Конференцияға студенттерді, магистранттарды, докторанттарды және жас зерттеушілерді қатысуға, ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісуге және археология мен тарихи-мәдени мұраны сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға шақырамыз.
Конференция туралы негізгі ақпарат
-
Өткізілетін күні: 2027 жылғы 21–23 сәуір.
-
Өтінімдер мен мақалаларды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
-
Қатысу форматы: офлайн және онлайн.
-
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.
-
Материалдарды қабылдау: тек https://archeo-aqynzhan.kz/ ресми сайты арқылы.
Белгіленген мерзімнен кейін түскен материалдар қабылданбайды. Қатысушылардың шығындары жіберуші тараптың есебінен қаржыландырылады.
Конференцияның негізгі бағыттары
-
Қазақстандағы археологиялық зерттеулер тарихы. Археологиядағы тұлғаның рөлі.
-
Тас және палеометалл дәуірі археологиясы.
-
Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан: мәдениеттер тоғысы.
-
Орта ғасыр археологиясы: өркениеттер диалогы.
-
Археологиядағы пәнаралық зерттеулер.
-
Этноархеология мәселелері және тарихи-мәдени мұраны сақтау мен пайдаланудың өзекті мәселелері.
Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын негізгі талаптар
Конференцияға ұсынылатын мақалалар түпнұсқа болуы және бұрын жарияланбауы тиіс.
-
Қаріп: Times New Roman, 12 pt.
-
Жоларалық интервал: 1,15.
-
Бет жиектері: барлық жағынан 2 см.
-
Мақала көлемі: кестелерді, сурет астындағы жазуларды және аннотацияларды қоса алғанда, бос орындарымен 15 000 таңбадан аспауы тиіс. Әдебиеттер тізімі бұл көлемге кірмейді.
-
Аннотация: кемінде 150 сөз немесе бос орындарымен 800 таңба. Онда зерттеудің мақсаты, әдістері, нәтижелері мен қорытындылары қамтылуы қажет.
-
Түйін сөздер: 10 сөзге дейін.
-
Иллюстрациялар: 3-тен аспауы тиіс.
-
Әдебиеттерге сілтемелер: мәтінде тік жақша ішінде көрсетіледі. Әдебиеттер тізімі түпнұсқа тілінде әліпбилік тәртіппен рәсімделеді.
Мақалада автор туралы мәліметтер және ғылыми зерттеудің негізгі құрылымдық бөлімдері: кіріспе, зерттеу әдістері, нәтижелер, талқылау және қорытынды қамтылуы тиіс. Қажет болған жағдайда алғыс бөлімі беріледі.
Редакциялық алқа белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.
Өтінім мен мақаланы жіберу тәртібі
Конференцияға қатысу үшін:
-
Ғылыми мақаланы белгіленген талаптарға сәйкес дайындау.
-
Автор және баяндама туралы қажетті мәліметтерді әзірлеу.
-
https://archeo-aqynzhan.kz/ ресми сайтына өту.
-
2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қатысуға өтінім беріп, мақаланы сайт арқылы жіберу қажет.
Маңызды: мақала мен сурет файлдарының атауында бірінші автордың тегі мен аты-жөнінің бас әріптері көрсетілуі тиіс.
Мысалы: Мусаева РС_мақала.doc, Мусаева РС_сурет.
Байланыс ақпараты
Мусаева Р.С. — жауапты редактор
Тел.: +7 777 284 0002
Тұрмахан Н. — Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы
Тел.: +7 700 201 0899
Ресми сайт: https://archeo-aqynzhan.kz/
Барлық студенттер мен жас ғалымдарды «Ақынжанов оқулары – 2027» халықаралық ғылыми конференциясына белсенді қатысуға шақырамыз!