Конференцияға әлем деңгейдегі ірі ғалымдар қатысып, өз докладтарын ұсынатын болады
ҚР ҒЖБМ ҒМ Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Бас директоры, тарих ғылымдарының кандида…
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарих…
Конференция бойынша сұрақ жауап
Жас ғалымдар мен студентердің "Ақынжанов оқулары" конференциясының негізін Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Жас ғалымдар кеңесінің бастамасын құрылды.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
1. Қазақстандағы археологиялық зерттеулер тарихы. Археологиядағы тұлғаның рөлі;
2. Тас және палеометалл дәуірі археологиясы;
3. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан: мәдениеттер тоғысы;
4. Орта ғасыр археологиясы: өркениеттер диалогы;
5. Археологиядағы пәнаралық зерттеулер;
6. Этноархеология мен этнография мәселелері;
7. Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен пайдаланудың өзекті мәселелері.
«Ақынжанов оқулары» конференциясының басты мақсаты – жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін қолдау және дамыту, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін таныстыру мен талқылауға, білім және тәжірибе алмасуға қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ археология және оған сабақтас тарихи ғылымдар саласында жаңа буын ғалымдарының кәсіби қалыптасуына ықпал ету.
Конференцияға қатысушылар өз зерттеулерін баяндамалар, презентациялар түрінде ұсына алады, сонымен қатар онлайн немесе офлайн режимінде дөңгелек үстелдер мен пікірталастарға қатыса алады.
Марғұлан оқулары тәжірибе алмасу, ғылыми серіктестіктер құру және өзекті мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу алаңына айналды. Алдыңғы конференциялардың нәтижелері аймақтағы ғылымның, білімнің және инновациялық технологиялардың дамуына ықпал етті.
Жинаққа мақалалар, аннотациялар, және шолулар, оқырмандарға конференцияларда өткізілген презентациялардың негізгі аспектілерімен жылдам танысуға мүмкіндік береді.