close

Ақпараттық хат «Ақынжанов оқулары – 2026»

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетімен бірлесіп 2026 жылдың 20–22 сәуірі аралығында «Ақынжанов оқулары – 2026» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық конференциясын өткізеді.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
1. Қазақстандағы археологиялық зерттеулер тарихы. Археологиядағы тұлғаның рөлі;
2. Тас және палеометалл дәуірі археологиясы;
3. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан: мәдениеттер тоғысы;
4. Орта ғасыр археологиясы: өркениеттер диалогы;
5. Археологиядағы пәнаралық зерттеулер;
6. Этноархеология мәселелері және Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен пайдаланудың өзекті мәселелері.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.
Конференцияны онлайн және офлайн форматта өткізілу жоспарлануда.
Конференцияға қатысушылардың шығыны жіберуші тараптан қаржыландырылады.
Қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қабылданады
Жариялауға арналған баяндамалардың мәтіндері 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін қабылданады
Кейінірек түскен барлық материалдар қабылданбайды
Конференция жұмысына қатысу үшін өтінім мен мақалалар тек https://archeo-aqynzhan.kz/ сайт арқылы қабылданады
Мақала мен суреттер файлдарын бірінші автордың аты жөнімен атау қажет (Мусаева РС_ма қ ала .doc; Мусаева РС _


Ақпараттық хат

Информационное письмо

Information letter